Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Павлодар облысы бойынша өсу нәтижесімен  30.09.2026 жылға арналған АИТВ-жұқпасының эпиджағдайы

Павлодар облысы бойынша өсу нәтижесімен 30.09.2026 жылға арналған АИТВ-жұқпасының эпиджағдайы

Павлодар облысында өсу нәтижесімен 2026 жылғы қыркүйектің                   30-на Қазақстан азаматтарының арасында АИТВ-жұқпасының 4886 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 389,7).  Жинақтай алғанда, Қазақстан азаматтары арасында ЖИТС диагнозы 761 науқасқа қойылды.

         Павлодар қаласында – 3590 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 560,5), Екібастұз – 352 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 173,1), Ақсу – 531 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 434,0). Облыс аудандарында: Ақтоғай – 30 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 160,3), Баянауыл – 27 (100 мың адамға шаққанда – 76,2), Железин – 42 (100 мың адамға шаққанда – 183,5), Ертіс – 43 (100 мың адамға шаққанда – 159,6), Тереңкөл – 45 (100 мың адамға шаққанда – 164,4), Аққулы – 23 (100 мың адамға шаққанда – 124,0),  Май – 14 (100 мың адамға шаққанда – 113,7), Павлодар ауданында – 121 (100 мың адамға шаққанда – 334,8), Успен – 28 (100 мың адамға шаққанда – 108,8), Щарбақты – 40 жағдай (100 мың адамға шаққанда қайтыс болғандарды есепке алумен – 139,0).

         Жынысы бойынша: ер адамдар – 3153 (64,5%), әйелдер – 1733 (35,5%).

         Жас ерекшеліктері бойынша: 0-14 жас аралығында – 35 адам (0,7%), 15-19 жас аралығында – 210 (4,3%),  20-29 жас аралығында – 1403 (28,8%), 30-39 жас аралығында – 1698 (34,8%), 40-49 жас аралығында –1013 (20,7%), 50-59 жас аралығында – 385 (7,8%), 60 және одан жоғары жас аралығында – 142 адам (2,9%).

         Әлеуметтік-кәсіби топтар бойынша: жұмыссыздар – 2719 адам (55,6%), жұмыс істейтіндер – 1513 (31,0%), мектеп оқушылары мен студенттер – 84 (1,7%), ұйымдастырылмаған мектеп жасындағы балалар - 3 (0,1%), ұйымдастырылмаған мектепке дейінгі балалар – 23 (0,5%), әскери қызметкерлер - 4 (0,1%), зейнеткерлер – 102 (2,1%), сотталғандар – 116 (2,4%), тергеудегі тұтқындалғандар – 296 (6,1%).

         Жұғу жолдары және себептері: есірткі заттарын қолдану кезінде тамыр ішілік жолмен – 2421 (49,5%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 2258 (46,2%), гомосексуалды қатынас кезіндегі жыныстық – 71 (1,5%), тік жолмен – 26 (0,5%), аурухана ішілік (жұқпаны жұқтыру орны – Оңтүстік Қазақстан облысы) – 1 (0,0%), парентералдық (медициналық шараларға жатпайды) – 3 (0,1%), белгісіз жолмен – 106 жағдайда (2,2 %).

2026 жылдың 9 айына АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай.   

2026 жылдың 9 айына Павлодар облысында Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 123 жағдайы тіркелді, қарқынды көрсеткіш 16,5 (100 мың адамға шаққанда).

Қалаларда: Павлодар – 123 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 16,5), Екібастұз – 11 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 7,7), Ақсу – 9 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 12,4). Ақтоғай ауданы – 2 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 16,9), Железин ауданында – 4 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 28,2),  Ертіс ауданында – 1 (100 мың адамға шаққанда – 6,4),  Тереңкөл – 2 (100 мың адамға шаққанда – 10,6), Май – 1 (100 мың адамға шаққанда – 10,3), Павлодар ауданында – 3 (100 мың адамға шаққанда – 11,7), Щарбақты ауданында – 4 жағдай (100 мың адамға шаққанда – 22,2), Успен ауданында - 1 (100 мың адамға шаққанда – 8,4). Облыстың Аққулы Баянауыл аудандарында АИТВ-жұқпасы анықталмады.

Жынысы бойынша:  ер адамдар – 79 (64,2%), әйелдер – 44 (35,8%).

Жас ерекшеліктері бойынша:  0-5 жас аралығында АИТВ-жұқпасы анықталмады, 6-10 жас – 1 (0,8%), 11-14 жас – 1 адам (0,8%), 15-19 жас аралығында АИТВ-жұқпасы анықталмады, 20-29 жас – 8 (6,5%),  30-39 жас – 27 (22,0% ), 40-49 жас – 49 адам (39,1%), 50-59 жас – 28 (22,8%), 60 және одан  жоғары жас аралығында – 9 (7,3%).

Әлеуметтік-кәсіби топтар бойынша: жұмыссыздар – 65 адам (52,8%), жұмыс істейтіндер – 44 (35,8%), ұйымдастырылмаған мектеп жасындағы балалар - 2 (1,6%), зейнеткерлер – 8 (6,5%), тергеудегі тұтқындалғандар – 4 адам (3,3%),  мектепке дейінгі жастағылар, мектеп оқушылары мен  студенттер, сотталғандар мен әскери қызметкерлер арасында АИТВ-жұқпасы анықталмады.

Жұғу жолдары: есірткі заттарын қолдану кезінде тамыр ішілік жолмен – 29 (23,6%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 93 (75,6%), гомосексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 1 (0,8%), тік жолмен, белгіленбегендер арасында АИТВ-жұқпасы анықталмады.