2025 жылы бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 232 бұйрығымен мерекелік күндер тізбесіне ресми түрде енгізілді.
Санитариялық дәрігерлердің, эпидемиологтардың, зертханалық мамандардың және санитариялық қызмет ардагерлерінің кәсіби мерекесін құру бұл мамандардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін танудағы маңызды қадам болды.
Олар күн сайын адамдардың денсаулығын күзетеді: эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады, жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды, инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, тіршілік ету ортасы мен азық-түлік сапасын бақылайды, профилактикалық іс-шаралар жүргізеді және туындайтын эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге жедел ден қояды.
Бұл қоғам үшін жиі байқалмайтын еңбек, бірақ оның нәтижелері миллиондаған адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.
Біз санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің барлық мамандарына кәсібилігі, жауапкершілігі, өз ісіне адалдығы және халықтың денсаулығын қорғауға қосқан көп жылғы үлесі үшін Алғыс білдіреміз!
Сізге зор денсаулық, амандық, жұмыста табыс, кәсіби тану және өз еңбегіңіздің маңыздылығына сенімділік тілейміз!





