Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс

АИТВ-инфекциясы: жастар нені білуі керек?

Жуырда Успен аграрлық-техникалық колледжінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.

Студенттер бұл инфекция туралы не біледі? Олар АИТВ-ның таралу жолдары, қорғаныс әдістері және заманауи медицинаның мүмкіндіктері туралы қаншалықты біледі? Осы және басқа да маңызды мәселелер облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының педагогы Қ.Бараисова өткізген кездесудің тақырыбы болды.

Семинар барысында қатысушылар АИТВ-ның қалай берілетінін, қандай тиімді алдын алу шаралары бар екенін және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын талқылады. АИТВ-инфекциясымен байланысты жалпы мифтер мен қате түсініктерге ерекше назар аударылды.

АИТВ қол алысу, құшақтау, ортақ ыдыс-аяқ немесе достық қарым-қатынас арқылы берілмейді. Сенімді ақпаратты білу өзіңізді қорғауға ғана емес, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген қорқыныш, алалаушылық пен стигманы жеңуге көмектеседі.

Қазіргі заманғы медицина АИТВ-мен ауыратын адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Уақытылы тестілеу, инфекцияны ерте анықтау және тиімді антиретровирустық терапия денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқарады.

Мұндай кездесулер жастарға қызықты сұрақтарға жауап алуға, фактілерді мифтерден ажырата білуге және өз денсаулығына саналы түрде қарауға көмектеседі.

АИТВ туралы білу-өзіңізді қорғай білу! Алдын алу сенімді ақпараттан және өмірге жауапкершілікпен қараудан басталады.