«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық семинар өтті. Семинарды Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі
орталығының педагогі К. Бараисова жүргізді.
Іс-шара барысында студенттер АИТВ инфекциясының негізгі жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары және денсаулықты сақтау тәсілдері туралы ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың ақпараттану деңгейін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасында көзделген саналы көзқарас пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.





