Павлодар мектебінде. М.Әлімбаева АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының педагогы Қ.Барайсова жоғары сынып оқушыларына АИТВ бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы және осы инфекцияға неге назар аудару маңызды екенін айтып, жұқтыру жолдары мен қорғау шаралары туралы түсіндірді.
Оқушыларға бейнефильм көрсетілді, диалог алаңы ұйымдастырылды, оның барысында жоғары сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тақырыптық викторина арқылы білімдерін бекіте алды.
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және оның берілу жолдары туралы білу сіздің денсаулығыңызды қорғаудың негізгі құралы болып табылады





