АҚТҚ-ның алдын алу мәселелері «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалында өткен кездесу барысында талқыланды.
Интернат ұйымдарының тәрбиешілері мен педагогтары «Білім алушылар арасында нашақорлықтың, уытқұмарлықтың және алкоголизмнің, темекі шегудің, АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбын зерделеу шеңберінде АИТВ-ның алдын алу жөніндегі өңірлік орталық маманының дәрісін тыңдап, Қазақстан мен облыстағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы білді. Сондай-ақ, курс тыңдаушылары осы тақырыптағы конкурстар мен зияткерлік викториналарға қатысып, олардың ортасында тәуекелді мінез-құлықты болдырмау мақсатында білім алушылардың білім деңгейін арттыру әдістерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша аталған материалдың жастардың денсаулығын қорғау мәселелерінде пайдалылығы атап өтілді.