Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Екібастұз қаласының №25 қыздарға арналған қазақ гимназиясында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында семинар өткізілді.
Облыстық АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығы Екібастұз қаласындағы бөлімінің эпидемиолог көмекшісі К.Қ.Жақсыбаева оқушыларды АИТВ-инфекциясы бойынша өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті, инфекцияның берілу жолдары, сондай-ақ қорғану шаралары туралы сұрақтарды түсіндірді. Қауіпті мінез-құлықтан аулақ болу, әрқашан АИТВ-статусын білу және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, маман тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, тілек білдірушілерге жадынамалар таратты.
Осыған ұқсас семинарлар облыстың басқа оқу ұйымдарында өткізілді.





