Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс

АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша семинар

Бүгін Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында облыстың медициналық ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне жетекшілік ететін дәрігерлер үшін кезекті тоқсан сайынғы онлайн-семинар өтті.
АИТВ орталығының жұқпалы аурулар дәрігері И.Ф.Левина семинарға қатысушыларға АИТВ-мен өмір сүретін жүкті әйелдерге және АИТВ-позитивті аналардан туған балаларға медициналық көмек көрсету стандарттарын түсіндірді.
АИТВ-ға қан донорларын тексеруді талдау кезеңдері туралы дәрігер-эпидемиолог А.М.Асылханова айтып берді. Қатысушылар гемодиализдің проблемалық мәселелерін егжей-тегжейлі талдады.
Стигматизация мен кемсітушіліктің алдын алуға ерекше назар аударылды. АИТВ орталығының Дәрігер-психотерапевт И.К.Тотина АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсету кезінде тыңдаушыларды қызықтыратын жағдайларды түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.