Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы №29 ЖОББМ жоғары сынып оқушыларына айтылды

АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы №29 ЖОББМ жоғары сынып оқушыларына айтылды

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының педагогы Құралай Бараисова №29 Павлодар мектебінің 9-10 сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

Кездесу барысында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жаман әдеттерден бас тарту, қауіпті мінез-құлық, АИТВ-инфекциясының ықтимал берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтылды.