Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында пациенттерге алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін өңірдің бес негізгі медициналық ұйымы басшыларының орынбасарлары үшін жұмыс кеңесі өткізілді.
Кездесу барысында АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарда С вирустық гепатитін емдеудің проблемалық мәселелері қаралды.





