Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығына ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары келді. Сапардың негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясын диагностикалау, алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету, АИТВ-ның тік, гемотрансфузиялық берілу жолдарының алдын алу мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету.
Мамандар АИТВ-ны динамикалық бақылаудың сапасын, пациенттердің амбулаториялық карталарын жүргізуді, зерттеулер мен емдеуді тағайындауды, диагноз қоюды, пациентті бақылауды ресімдеу тәртібін, дәрілік менеджментті, зертхана қызметін (ИФТ, ПТР, клиникалық-биохимия, иммунология) бағалауды жүргізді.
Сапар аптаның соңына дейін жалғасады, оның барысында мамандар Павлодар облысының медициналық ұйымдарына барады, медицина қызметкерлеріне, оның ішінде №1 облыстық перинаталдық орталыққа, №1 Павлодар қалалық ауруханасына, №5, №3 емханаларға, облыстық қан орталығына АИТВ-инфекциясының, дерматоздардың және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді.