Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Байланысқа дейінгі АИТВ-ның алдын алу (БДА немесе PrEP)

Байланысқа дейінгі АИТВ-ның алдын алу (БДА немесе PrEP)

БДА – бұл вирустан қорғану мақсатында АИТВ жұқтыру қаупімен (қорғалмаған жыныстық қатынас немесе есірткіні қолданумен) байланысты жағдай туындағанға дейін дәрі қабылдау.

Байланысқа дейінгі алдын алу (БДА) дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдаған кезде ғана тиімді болады.

БДА қауіпсіз. БДА қабылдаудың алғашқы күндерінде шамалы жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін, дегенмен олар бірнеше аптадан кейін жойылады.

БДА адам АИТВ-инфекциясының айтарлықтай қаупіне ұшыраған кезде ғана өмір сүру кезеңінде жүзеге асырылады.

БДА басқа инфекциялардан немесе жүктіліктен қорғамайды.

БДА қабылдаған кезде АИТВ-ға үнемі тестілеуден өту қажет.

БДА және профилактикалық қызметтерді алу туралы толық ақпарат алу үшін Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығына жүгініңіз, мекенжайы Ак.Бектұров көшесі, 50-үй, анықтама телефоны 87718191940.