Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
«Білім-Инновация»  лицейінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

«Білім-Инновация» лицейінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы «Білім-Инновация» лицейінің оқушыларына Павлодар облыстық АИТВ орталығының педагогы К. Е. Бараисова айтып берді.

Семинар барысында АИТВ-инфекциясын берудің ықтимал тәсілдері, жұқтыру қаупін азайту әдістері, АИТВ-ны ерте анықтау мен уақтылы тексерудің маңыздылығы, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстану, жеке жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша нақты ұсыныстар берілді.