Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында облыстық «Ертіс» телеарнасында Тікелей эфир өтті.
«1 студия» бағдарламасында Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары Бақыт Жанахметова телекөрермендерге өңірдегі АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы және қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, сондай-ақ берілу жолдары мен қазіргі заманғы антиретровирустық терапия туралы жетекші сұрақтарға жауап берді.





