Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Қауіпсіз мінез-құлық – бұл проблемадан аулақ болу тәсілі

Қауіпсіз мінез-құлық – бұл проблемадан аулақ болу тәсілі

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Павлодар облыстық АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығының маманы және жастар денсаулығын қорғау орталығының (ЖДО) дәрігерлерімен оқушылардың кездесуі өтті.

1-4 курс студенттеріне жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, оның ішінде АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы айтылды. Қыздардың жыныстық тәрбиесіне, отбасылық құндылықтарына және ерте жыныстық қатынастардағы репродуктивті денсаулыққа кері әсеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге компанияларда қауіпті мінез-құлықтан аулақ болуға, сондай-ақ күтпеген жағдай туындаған жағдайда қайда жүгінуге кеңес берілді.