Медбикелер күні қарсаңында «Саламатты Павлодар «Медициналық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінен «Еңбек ардагері» төсбелгісі (медалі) және Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бірнеше қызметкеріне, осы салада қырық жылдан астам жұмыс істеген Денсаулық сақтау ардагерлеріне құрмет грамоталары табысталды.
Лях А.В. – диагностикалық зертхананың зертханашысына «Еңбек ардагері» медалі, А.Р. Аширбаеваға – сенім пунктінің медбикесі және облыстық орталықтың қан алу кабинетінің медбикесі Л. А. Матиенкоға құрмет грамоталары табыс етілді. Сондай-ақ, облыстық АИТВ орталығының Екібастұз бөлімшесінің үш медбикесі құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар алды.
Барлық медбикелерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!





