Павлодар политехникалық жоғары колледжінің 1 курс білім алушылары үшін «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері ұйымдастырды.
Кездесу барысында мамандар АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алу шаралары, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Өзіңізді қорғаңыз және сау болыңыз!





