Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Медицина қызметкерлерін облыстық АИТВ ның алдын алу орталығында құттықтады

Медицина қызметкерлерін облыстық АИТВ ның алдын алу орталығында құттықтады

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында өтті. Ұжымды кәсіби мерекемен орталық басшысы Ж. М. Тентекпаев құттықтады.

Ол таңдалған мамандықтың маңыздылығын және орталықтың медициналық қызметінің бағытына байланысты жауапкершіліктің артқанын атап өтті.  

Денсаулық сақтау министрлігінің, Павлодар облысы әкімінің, Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарын облыстық АИТВ орталығы мен оның филиалдарының алты маманы алды. Алға хат Облыстың денсаулық сақтау басқармасынан және SENIM кәсіподағының Павлодар облыстық филиалынан төрт маманға табыс етілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі төсбелгісін емдеу бөлімінің меңгерушісі М.Е. Сорокина қалалық мәдениет сарайында өткен мерекелік іс-шарада алды. Естая.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!