Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін өңірдің медицина қызметкерлерінің қызметіне интеграциялау мақсатында АИТВ-ның өзекті мәселелері бойынша онлайн-семинар өтті.
Қатысуға медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясы мәселелеріне жетекшілік ететін дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері шақырылды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілігі, халықтың негізгі топтары, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу, антиретровирустық терапияның қазіргі аспектілері және байланысқа дейінгі профилактика туралы мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды. Сондай-ақ Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланды.





