Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс

Облыс педагогтарымен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері талқыланды

«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы АҚ Павлодар филиалында облыс педагогтары үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша бірқатар семинарлар өтті.

Оқыту семинарлары АИТВ-ның алдын алудың өзекті мәселелеріне және берілу жолдарына бағытталған. Қазақ және орыс тілдерінің, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың өкілі К. Е. Бараисоваға АИТВ-ға қатысты барлық күмәндерін тікелей қоя алады.

Кездесулер барысында көптеген мифтер жойылды. Материалды бекіту үшін педагогтар викториналарға, ситуациялық ойындарға, топтық тренингтерге қатысты.