Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының педагогы денсаулыққа қамқорлық жасауға шақырды

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының педагогы денсаулыққа қамқорлық жасауға шақырды

Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары үшін салауатты өмір салты бағдарламасы аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының педагогы Қ.Е. Барайсова АИТВ-ны жұқтыру жолдары туралы баяндап, аурудың мінез-құлық факторы туралы ескертті, алдын алу шараларын сақтауға, сондай-ақ оқушыларды өзінің және жақындарының денсаулығына қамқорлық жасауға шақырды.