Бүгін Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмыс кеңесі өтті. Өңірлік психикалық денсаулық орталығының және облыстық есірткі диспансерінің мамандары қатысты.
Кездесуді АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Г.Ж. Хасенова ұйымдастырды.
Кездесу барысында инъекциялық есірткі қолданатын, Павлодар облыстық психо-неврологиялық диспансерінде диспансерлік есепте тұрған және АИТВ мәртебесі бар адамдарды тексеру бойынша бірлескен жоспар әзірленді.