Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Павлодар медициналық жоғары колледжінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

Павлодар медициналық жоғары колледжінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

Мәжіліс залында болашақ дәрігерлер АИТВ-ның таралу жолдары, қорғаныс шаралары туралы білуге және осы ауруға байланысты мифтерді жоюға жиналды. Студенттерге Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының педагогы Құралай Бараисова көмектесті.

Неліктен сіздің денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарау, салауатты өмір салтын ұстану, жақын қарым-қатынаста жеке қорғаныс құралдарын қолдану, есірткі немесе психотроптық заттарды, алкогольді қолданатын компаниялардан аулақ болу өте маңызды екендігі туралы ашық әңгіме болды. Спикер АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға уақтылы тексеруден өту қажеттілігіне ерекше назар аударды.