Павлодар облысында өсу нәтижесімен 2025 жылғы маусымның 30-на Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 4644 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда – 373,1). Жалпы Қазақстан азаматтары арасында «ЖИТС» диагнозы 736 пациентке қойылды.
Қалаларда анықталғандар: Павлодар – 3431 жағдай (100 мыңға 542,6), Екібастұз – 328 (100 мыңға 164,8), Ақсу – 513 жағдай (100 мыңға 435,3. Облыс аудандарында: Ақтоғай – 27 жағдай (100 мыңға 154,0), Баянауыл – 23 (100 мыңға 61,3), Железин – 38 (100 мыңға 150,5), Ертіс – 38 (100 мыңға 129,7), Тереңкөл – 40 (100 мыңға 134,6), Аққулы – 22 (100 мыңға 119,2), Май – 12 (100 мыңға 89,6), Павлодар – 109 (100 мыңға300,1), Успен – 27 (100 мыңға 114,1), Щарбақты – 36 (100 мыңға 119,1).
Жынысы бойынша: ер адамдар – 2997 (64,5%), әйелдер – 1647 (35,5%).
Жас ерекшеліктері бойынша: 0-14 жас аралығында – 30 адам (0,7%), 15-19 жас аралығында – 207 адам (4,5%), 20-29 жас аралығында – 1387 адам (29,9%), 30-39 жас аралығында – 1632 адам (35,1%), 40-49 жас аралығында – 931 адам (20,0%), 50-59 жас аралығында – 333 адам (7,2%), 60-69 жас аралығында – 124 адам (2,7%).
Әлеуметтік топтар бойынша: жұмыссыздар – 2616 адам (56,3%), жұмыс істейтіндер – 1414 (30,4%), мектеп оқушылары мен студенттер – 83 (1,8%), мектепке дейінгі жастағы балалар – 21 (0,5%), әскери қызметшілер – 4 (0,1%), зейнеткерлер – 86 (1,9%), сотталғандар – 116 (2,5%), тергеудегі қамауға алынғандар – 287 адам (6,2%).
Жұғу жолдары және себептері: инъекциялық есірткі заттарын қолдану кезіндегі тамыр ішілік – 2367 (51,0%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық – 2082 (44,8%), гомосексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық – 64 (1,4%), тік жолмен – 23 (0,5%), аурухана ішілік (инфекцияның берілу орны – Оңтүстік Қазақстан облысы) – 1 (0,0%), парентералдық (медициналық шараларға жатпайды) – 3 (0,1%), белгісіз – 104 жағдай (2,2 %).
АИТВ/ЖИТС бойынша 2025 жылдың 6 айы ішіндегі эпиджағдайы.
2025 жылдың 6 айы ішінде Павлодар облысында Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 116 жағдайы тіркелді, қарқынды көрсеткіш 15,4 (100 мың адамға шаққанда).
Қалаларда: Павлодар қаласында – 73 жағдай (100 мыңға 19,7), Екібастұз – 11 жағдай (100 мыңға 7,6), Ақсу – 17 жағдай (100 мыңға 23,5). Аудандар бойынша: Баянауыл – 5 (100 мыңға 21,9), Ертіс – (100 мыңға 6,2), Аққулы – 2 (100 мыңға 17,0), Май – 2 (100 мыңға 19,9), Павлодар – 2 (100 мыңға 7,7), Успен аудандарында – 2 жағдайдан (100 мыңға 16,3), Шарбақты – 1 (100 мыңға 5,4). Облыстың Ақтоғай, Железин, Тереңкөл аудандарда АИТВ-инфекциясы анықталған жоқ.
Жұғу жолдары және себептері: есірткі заттарын қолдану кезіндегі тамыр ішілік – 15 (31,9%), гетеросексуалдық – 27 (57,4%), белгісіз – 5 (10,7%).
Жынысы бойынша: ер адамдар – 72 (62,1%), әйелдер – 44 (37,9%).
Жас ерекшеліктері бойынша: 0-14 жас аралығында – АИТВ-инфекциясының жағдайлары анықталған жоқ, 15-19 жас аралығында – 1 (0,9%), 20-29 жас аралығында – 3 (2,6%), 30-39 жас аралығында – 31 (26,7%), 40-49 жас аралығында – 44 (37,9%), 50-59 жас аралығында – 23 (19,8%), 60 және одан жоғары жас аралығында – 14 адам (12,1%).
Әлеуметтік-кәсіби статусы бойынша: жұмыссыздар – 57 адам (49,1%), жұмыс істейтіндер – 42 (36,2%), ТжКБ, ЖОО-ның студенттері – 2 (1,7%), зейнеткерлер – 9 (7,8%), тергеудегі қамауға алынғандар, сотталғандар – 3 адам (2,6%), мектепке дейінгі жастағы балалар мен әскери қызметшілер арасында АИТВ-инфекциясының жағдайлары анықталған жоқ.
Жұғу жолдары: есірткі заттарын қолдану кезіндегі тамыр ішілік – 31 жағдай (26,7%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 70 (60,3%), гомосексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 8 (6,9%), тік жолмен – 0 (0,00%), белгісіз – 7 жағдай (6,0%).