Павлодар облысында өсу нәтижесімен 2026 жылғы маусымның 30-на Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 4844 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда – 387,7). Жалпы Қазақстан азаматтары арасында «ЖИТС» диагнозы 753 пациентке қойылды.
Қалаларда анықталғандар: Павлодар – 3566 жағдай (100 мыңға 559,7), Екібастұз – 347 (100 мыңға 170,3), Ақсу – 526 жағдай (100 мыңға 429,9). Облыс аудандарында: Ақтоғай – 29 жағдай (100 мыңға 151,9), Баянауыл – 27 (100 мыңға 80,7), Железин – 41 (100 мыңға 176,4), Ертіс – 43 (100 мыңға 159,6), Тереңкөл – 44 (100 мыңға 159,1), Аққулы – 23 (100 мыңға 132,8), Май – 13 (100 мыңға 103,4), Павлодар – 120 (100 мыңға 330,9), Успен – 27 (100 мыңға 108,8), Щарбақты – 38 (100 мыңға 127,9).
Жынысы бойынша: ер адамдар – 3124 (64,5%), әйелдер – 1720 (35,5%).
Жас ерекшеліктері бойынша: 0-14 жас аралығында – 35 адам (0,7%), 15-19 жас аралығында – 210 адам (4,4%), 20-29 жас аралығында – 1400 адам (29,0%), 30-39 жас аралығында – 1688 адам (34,8%), 40-49 жас аралығында – 998 адам (20,6%), 50-59 жас аралығында – 375 адам (7,7%), 60 және одан жоғары жастағылар– 138 адам (2,8%).
Әлеуметтік топтар бойынша: жұмыссыздар – 2696 адам (55,7%), жұмыс істейтіндер – 1497 (30,9%), мектеп оқушылары мен студенттер – 84 (1,8%), мектеп жасындағы ұйымдастырылмаған балалар – 3 (0,1%), мектепке дейінгі жастағы балалар – 23 (0,5%), әскери қызметшілер – 4 (0,1%), зейнеткерлер – 98 (2,0%), сотталғандар – 116 (2,4%), тергеудегі қамауға алынғандар – 296 адам (6,1%).
Жұғу жолдары және себептері: инъекциялық есірткі заттарын қолдану кезіндегі тамыр ішілік – 2413 (49,8%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық – 2224 (45,9%), гомосексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық – 70 (1,4%), тік жолмен – 26 (0,5%), аурухана ішілік (инфекцияның берілу орны – Оңтүстік Қазақстан облысы) – 1 (0,0%), парентералдық (медициналық шараларға жатпайды) – 3 (0,1%), белгісіз – 107 жағдай (2,2 %).
АИТВ/ЖИТС бойынша 2026 жылдың 6 айы ішіндегі эпиджағдайы.
2026 жылдың 6 айы ішінде Павлодар облысында Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 81 жағдайы тіркелді, қарқынды көрсеткіш 10,9 (100 мың адамға шаққанда).
Қалаларда: Павлодар қаласында – 61 жағдай (100 мыңға 16,5), Екібастұз – 6 жағдай (100 мыңға 4,2), Ақсу – 4 жағдай (100 мыңға 5,5). Аудандар бойынша: Ақтоғай – 1 (100 мыңға 8,4), Железин – 3 (100 мыңға 21,2), Ертіс – 1 (100 мыңға 6,4), Тереңкөл - 1 (100 мыңға 5,3), Май – 1 (100 мыңға 10,3), Павлодар – 1 (100 мыңға 3,9), Шарбақты – 2 (100 мыңға 11,1). Облыстың Аққулы, Баянауыл, Успен аудандарында АИТВ-инфекциясы анықталған жоқ.
Жұғу жолдары және себептері: есірткі заттарын қолдану кезіндегі тамыр ішілік – 15 (31,9%), гетеросексуалдық – 27 (57,4%), белгісіз – 5 (10,7%).
Жынысы бойынша: ер адамдар – 50 (61,7%), әйелдер – 31 (38,3%).
Жас ерекшеліктері бойынша: 0-5 жас, 15-19 жас аралықтарында – АИТВ-инфекциясының жағдайлары анықталған жоқ, 6-10 жас аралығында – 1 (1,2%), 11-14 жас аралығында – 1 (1,2%), 20-29 жас аралығында – 5 (6,2%), 30-39 жас аралығында – 17 (21,0%), 40-49 жас аралығында – 34 (42,0%), 50-59 жас аралығында – 18 (22,2%), 60 және одан жоғары жас аралығында – 5 адам (6,2%).
Әлеуметтік-кәсіби статусы бойынша: жұмыссыздар – 42 адам (51,9%), жұмыс істейтіндер – 28 (34,6%), мектеп жасындағы ұйымдастырылмаған балалар – 2 (2,5%), зейнеткерлер – 4 (4,9%), тергеудегі қамауға алынғандар– 4 адам (4,9%), мектепке дейінгі жастағы балалар, ТжКБ, ЖОО-ның студенттері, сотталғандар мен әскери қызметшілер арасында АИТВ-инфекциясының жағдайлары анықталған жоқ.
Жұғу жолдары: есірткі заттарын қолдану кезіндегі тамыр ішілік – 21 жағдай (25,9%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 60 (74,1%), гомосексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен, тік жолмен, белгісіз жағдайларда АИТВ-инфекциясы анықталған жоқ.





