Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Павлодар облысында әрбір алтыншы тұрғын өзінің АИТВ-мәртебесін біледі

Павлодар облысында әрбір алтыншы тұрғын өзінің АИТВ-мәртебесін біледі

Бүгінгі таңда Павлодар облысында АИТВ-инфекциясы бар 2792 адам тұрады. Ағымдағы жылдың 5 айында 95 адам тіркелген, оның ішінде 56 ер адам және 39 әйел. Өңірде облыстың әрбір алтыншы тұрғыны АИТВ-инфекциясына өзінің мәртебесін біледі.

Жыл сайын Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының зертханасында 150 000-ға жуық зерттеу жүргізіледі. Өткен жылы 146023 адам тексеруден өтті және оның 224-і иммуноблоттингте (АҚ) расталды. Зертханаға зерттеуге арналған қан сынамалары барлық дерлік медициналық ұйымдардан жеткізіледі. Сондай-ақ, сіздің АИТВ-статусыңызды АИТВ-ның алдын алу орталығының өзінен білуге болады. Қазақстанда АИТВ-ға барлық талдаулар тегін жүргізіледі.

АИТВ және ЖЖБИ-ге тексеруден Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 50А мекенжайы бойынша өтуге болады. Біз сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейміз. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 65-05-29, +77718191940.