Павлодар технологиялық колледжінде мұғалімдердің тамыз конференциясы аясында «Балалар мен жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында секциялық семинар өткізілді. Семинарға облыстың оқу ұйымдары директорларының орынбасарлары, тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері, сынып жетекшілері, сондай-ақ полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Кәмелетке толмағандар арасында психоактивті заттарды қолданудың және басқа да тәуелділіктердің алдын алу әдістері, жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында қарастырылды.
Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының педагогы Қ.Бараисова жиналғандарды өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті, өткен жылғы деректерге салыстырмалы талдау жүргізді, оның ішінде жас критериилері бойынша баяндама жасады, нақты мысалдар келтіре отырып, инфекцияның алдын алу мәселелеріне толық тоқталды, сондай-ақ байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі алдын алу және антиретровирустық терапияны, орталықта медицина қызметкерлері өткізетіндігін атап өтті.
Семинар, ең алдымен, білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде педагогикалық және медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жасөспірімдердегі мінез-құлық қауіп факторларының алдын алуға; жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен ұсынымдарын енгізуге бағытталды.





