Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде пенитенциарлық жүйе мекемелерінде қылмыстардың алдын алуды жетілдіру, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына ведомстволық бағынысты мекемелер бастықтарының орынбасарлары, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері, "Антарес А" ҚҚ өкілдері, психикалық денсаулық орталығының және АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары, сондай-ақ адвокаттар мен заңгерлер қатысты.
Кездесу барысында ашық және сындарлы диалог форматында жазаларды орындау, сотталғандар арасында қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оларды әлеуметтік бейімдеу және босатуға дайындау саласындағы өзекті проблемалық мәселелер қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша профилактикалық қызметтің тиімділігін арттыруға, мүдделі органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуге, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіру тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар кешені әзірленді.
@kpn_mvdrk
@dp_pavlodar
@upn_dp_pvl
https://www.instagram.com/reel/DUsI4cnAHbj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==





