Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
С.Торайғыров атындағы мектептің оқушылары АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпарат алды

С.Торайғыров атындағы мектептің оқушылары АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпарат алды

Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Облыстық АИТВ орталығының педагогы Қ.Бараисова 9-10 сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясы туралы және АИТВ мен ЖИТС арасындағы айырмашылық неде екенін айтып берді. Инфекцияның таралу жолдары мен қорғаныс әдістеріне ерекше назар аударылды.

Ашық әңгіме жастар компанияларындағы қауіпті мінез-құлықты, өз денсаулығы мен басқалардың денсаулығы үшін жауапкершілікті талқылау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау кезінде өтті.