Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Сауда үйіне келушілер өздерінің АИТВ мәртебесін біліп, кеңес алды

Сауда үйіне келушілер өздерінің АИТВ мәртебесін біліп, кеңес алды

«Манақбай» сауда үйінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында «АИТВ-статусыңды біл» акциясы өтті.

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының өкілдері сауда үйіне келушілер үшін жедел тестілеу өткізді, инфекцияның таралу жолдары бойынша кеңестер мен түсініктемелер берді, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша буклеттер мен парақшалар таратты.

Осындай акциялар АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында адамдар көп жиналатын басқа жерлерде де өткізілді.