АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі өңірлік орталықта «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және медицина қызметкерлері арасындағы халықтың негізгі топтарының өкілдеріне төзімділікті қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке Павлодар облысының медицина қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында АИТВ орталығының дерматовенерологы Л.К. Оспанова негізгі топтар арасында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен таныстырып, дәрігерлердің кездескен қиындықтары мен жетістіктері, біздің өңірде қандай сұрақтарға ерекше назар аудару қажеттігі туралы айтып берді.
Басым міндеттердің қатарына негізгі топтардың стигмасы мен кемсітушілігін төмендету, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында да, халық арасында да, оның ішінде медициналық ұйымдарда, жұмыс орындарында және білім беру жүйесінде құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жатады. Бүгінгі таңда тең консультация беру, өзара көмек топтары, «АИТВ-мен өмір сүру бойынша» тренингтер, Н=Н бойынша ақпараттық компаниялар және т.б. бойынша бағдарламаларды кеңейту мәселесі өзекті болып отыр, сондай-ақ негізгі топтарды кемсітуден қорғау үшін құқық бұзу жағдайларын құқықтық қолдау жөніндегі бағдарламаларды кеңейту және тұрақты қаржыландыру қажет.
Орталықтың эпидемиологы Ғ.Ж. Хасенова тыңдаушыларға АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды және халықтың негізгі топтарын стигматизациялауға және кемсітуге қарсы қолданылатын шаралар туралы айтып берді.
– Инфекцияны жұқтырған және зардап шеккен адамдардың дағдылары мен мүмкіндіктерін кеңейту, адамдарды өз мәртебесін өз еркімен ашуға, АРВТ-ны уақтылы алуға дайындау қажет, – деп атап өтті эпидемиолог.
Қолайлы сыртқы жағдайлар жасау, жеке немесе ұжымдық көмек жүйесін ұйымдастыру мәселені оның шығу тегі орналасқан жерде шешуге, аурушаңдықты бақылауға алуға, АИТВ-ның халық арасында таралу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.