Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Павлодар қаласының теміржол вокзалында акция өткізді.
Вокзалға келушілер АИТВ жұқтыру жолдары туралы дәріс тыңдап, алдын алу туралы бейнероликтерді тамашалады, жеке кеңес алуға және экспресс-тестілеуден өтуге мүмкіндік алды.
Акция Павлодар бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп өткізілді, келушілерге жадынамалар мен буклеттер таратылды.





