Бүгін Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында жол картасы аясында Павлодар қаласының медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, гепатиттердің алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.
АИТВ-ға тексерудің клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері қарастырылды. АИТВ-ның анадан балаға берілу жолдарына, сондай-ақ инвазиялық араласулар кезіндегі инфекциялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты профилактикалық іс-шараларды жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды.
Семинар жұмысына медицина қызметкерлері – дәрігерлер, медбикелер, акушерлер, гинекологтар, травматологтар, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының, перинаталдық орталықтың, балалар облыстық ауруханасының реципиенттерін тексеру бойынша жауапты тұлғалар қатысты. Семинар қорытындысы бойынша семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Бейресми білім беру бойынша жұмыс жыл соңына дейін жалғасады.