Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы айтылды

Жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы айтылды

№ 17 Павлодар мектебінде жастармен кездесу өтті. 10-11 сынып оқушыларына АИТВ-ның алдын алу туралы айтылды.

Семинардың негізгі мақсаты: оқушылардың ауру, жұқтыру жолдары және қорғау шаралары туралы білімдерін арттыру. Семинар барысында АИТВ-ның негізгі аспектілері туралы презентация өтті, өңірдегі осы ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, ЖИТС деген не және неден қорқу керектігі туралы ақпарат айтылды.

АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері бойынша өңірлік АИТВ орталығы өкілдерінің қатысуымен жастардың осындай кездесулері облыстың барлық білім беру мекемелерінде өтуде.